Қызылордалық «Қайсар» футбол клубы қазақстандық жартылай қорғаушы Айбол Әбікенмен келісімшартын ұзартты, деп хабарлайды malimsports.kz.
Осылайша, 29 жастағы футболшы алдағы маусымда да «қасқырлар» намысын қорғайды. Өткен маусымда Айбол Әбікен «Қайсар» құрамында 25 матчқа қатысып, бір гол соқты. Алматы қаласының тумасы бұған дейін «Қайрат», «Ақсу» және «Ордабасы» клубтарында өнер көрсеткен.
Әбікен 2020 жылы алматылық «Қайрат» сапында Қазақстан чемпионы атанса, 2017–2019 жылдары күміс, 2021 жылы қола жүлдеге қол жеткізді.
Айта кетейік, 2022 жылдың жазында футболшы допинг дауына байланысты төрт жылға спорттан шеттетілген еді. Кейін жаза мерзімі екі жылға қысқартылып, 2024 жылдың сәуір айында ол алаңға қайта оралды.
Фото: Sports.kz