Мәзір
Футбол

Айбар Жақсылықов «Елімай» футболшысы атанды

Сабина Асқарқызы 123 қаралым
Айбар Жақсылықов «Елімай» футболшысы атанды

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы, 28 жастағы шабуылшы Айбар Жақсылықов жаңа маусымды «Елімай» клубында өткізеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бұл туралы команданың баспасөз қызметі мәлімдеді. 2024-2025 жылғы маусымда Айбар «Қайсар» сапында 51 матч өткізіп, 15 голдың авторы атанған. Бұған дейін ол «Жетісу», «Тобыл» және «Ордабасы» клубтарында өнер көрсеткен. Қостанайлық команда сапында ол Қазақстан Суперкубогын жеңіп алған, ал «Ордабасы» құрамында Қазақстан Премьер-Лигасының 2023 жылғы чемпионы атанған.

Айта кетейік, «Елімай» өткен маусымды Премьер-Лигада төртінші орынмен аяқтап, келесі жылы тарихында алғаш рет UEFA Конференция Лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсететін болады.

 

ФОТО: aibar_zhaksylykov19

 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар