Африканың үздік төрешісіне әлем чемпионатында қызмет ету үшін АҚШ-қа кіруге рұқсат берілмеді
ФИФА 2026 жылғы әлем чемпионатына қызмет көрсететін 52 төрешінің қатарына енгізген сомалилік арбитр Омар Артанға АҚШ аумағына кіруге рұқсат берілмеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұл туралы The Daily Somalia басылымы Сомали футбол федерациясындағы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады. Мәліметке сәйкес, Омар Артан Майами халықаралық әуежайына дипломатиялық төлқұжатпен келген. Алайда АҚШ иммиграциялық қызметінің өкілдері ешқандай түсініктеме берместен оның елге кіруіне тыйым салған. Осыдан кейін төреші Стамбұл қаласына қайтарылған.
Омар Артан – әлем чемпионатының финалдық кезеңіне қызмет көрсететін төрешілер тізіміне енген алғашқы сомалилік арбитр. Ол 2025 жылы Африка футбол конфедерациясының (CAF) нұсқасы бойынша құрлықтың үздік төрешісі атанған болатын.
Сомали азаматтарына АҚШ визасын алуға қатысты белгілі бір шектеулер қолданылады. Дегенмен дипломаттар мен АҚШ мүддесіне сай келетін кейбір сапарлар үшін ерекше тәртіп қарастырылған. Алайда бұл жағдай Омар Артанға қатысты қолданылмаған.
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты 11 маусымда басталады. Турнир тарихта алғаш рет үш елдің – АҚШ, Канада және Мексиканың аумағында өтеді. Әлем біріншілігі 19 шілдеде мәресіне жетеді.
Фото: Getty Images
Бүгін қазақстандық клубтардың Еурокубоктағы алғашқы қарсыластары анықталады
Ең көп оқылған