Марокко астанасы Рабаттағы Принц Мула Абдулла стадионында 2025 жылғы Африка Ұлттар Кубогының финалы өтті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Соңғы кездесу Марокко мен Сенегал құрамалары арасында болып, турнирдің ең шиеленісті және есте қаларлық матчтарының біріне айналды.
Матч барысында екі команда да қорғаныста мықтылығын көрсетті. Марокколық қақпашы Яссин Буну бірнеше қауіпті соққыны керемет қайтарып, командасын бірнеше рет құтқарды. Финалдың соңына таман төреші сенегалдық голды есептен шығарды, ал кейін сенегалдық қақпаға күмәнді пенальти белгіледі. Бұл шешімге наразы болған Сенегал бас бапкері Пап Тьяв футболшыларын алаңнан алып кетті. Дегенмен, капитан Садио Мане «Біз ерлерше ойнаймыз» деп командаластарын қайта алаңға алып шықты.
Пенальти сәтсіз аяқталса да, қосымша уақытта Папе Гуйе 94-минутта алыстан дәл соққы жасап, есеп ашты. Осы голдан кейін Марокко командасы өз жеңіс мүмкіндігін жоғалтты, ал Сенегал құрамасы өз тарихында екінші рет Африка Ұлттар Кубогын жеңіп алды.
Бұдан төрт жыл бұрын алғаш рет әлем чемпионатының жартылай финалына жеткен Марокко күміс жүлде мен мерейін көтере тұрып, сенсациялық жеңіс мүмкіндігін жіберіп алды. Үшінші орын үшін бәсекеде Нигерия пенальти сериясында Мысырды жеңіп, қола медальға ие болды.
Фото © DeFodi Images