457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Африка кубогындағы дау: Сенегал чемпиондықтан айырылып, жеңіс Мароккоға берілді

Финалдық матч 18 қаңтарда Рабат қаласында өткен еді.

Футбол тарихында алғаш рет құрлық чемпионатының жеңімпазы атағынан айырылған жағдай тіркелді. Африка футбол конфедерациясы (CAF) Сенегал құрамасын 2025 жылғы Африка Ұлттар кубогының чемпионы атағынан айырып, жеңісті Марокко құрамасына берді, деп жазады malimsports.kz

Финалдық матч 18 қаңтарда Рабат қаласында өтті. Ойынның қосымша уақытының сегізінші минутында видеоқайталау нәтижесінде сенегалдықтардың голы есепке алынбай, артынша олардың қақпасына пенальти белгіленді. Осы шешімге қарсылық ретінде бас бапкер Пап Тьяу командасын алаңнан алып кеткен. Ойыншылар тек 15 минуттан кейін ғана қайта оралды. Белгіленген пенальтиді марокколық Браим Диас жүзеге асыра алмады, ал қосымша уақытта сенегалдық Пап Гейе жеңіс голын соғып, матч 1:0 есебімен аяқталған еді.

Алайда CAF-тың апелляциялық кеңесі Марокко тарапынан түскен шағымды қарап, турнир регламентінің 82 және 84-баптарына сәйкес, ойыннан рұқсатсыз кету техникалық жеңіліске әкелетінін мәлімдеді. Нәтижесінде Сенегал құрамасына 0:3 есебімен жеңіліс тіркеліп, чемпиондық атақ Мароккоға берілді. Бұл – футбол тарихында финалдан кейін чемпион атағы өзгерген алғашқы жағдай.

Марокконың Корольдік футбол федерациясы өз шағымының мақсаты спорттық нәтижені өзгерту емес, тек регламенттің сақталуын қамтамасыз ету болғанын айтты.

Ал Сенегал футбол федерациясы бұл шешімді «әділетсіз, бұрын-соңды болмаған және қабылдауға келмейтін» деп бағалап, оны Лозаннадағы Спорттық арбитраж сотына (CAS) шағымданатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, Сенегал құрамасы Африка Ұлттар кубогын соңғы рет 2021 жылы жеңіп алған. Ал Марокко бұл турнирде бұған дейін 1976 жылы чемпион атанған.

Фото: