Әдепсіз әрекет: футболдан ұлттық құрама бапкері қызметінен босатылды
Люксембург футбол федерациясы әйелдер құрамасының бас бапкері Даниэль Сантос қызметінен босатылды. Мұндай шешім бапкердің футболшыларға орынсыз хабарламалар жіберді деген айыптаулардан кейін қабылданған, деп хабарлайды malimsports.kz.
Федерацияның директорлар кеңесі таратқан мәліметке сәйкес, ұлттық құрамадағы бірнеше ойыншы бапкердің өздеріне әдепсіз мазмұндағы хабарламалар жолдағанын айтып шағымданған. Ұйым өкілдері мұндай әрекет федерация ұстанатын этикалық қағидалар мен өзара құрмет принциптеріне қайшы келетінін атап өтті.
Федерация басшылығы айыптаулар белгілі болған сәттен бастап, құрама футболшыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жедел шаралар қабылдағанын мәлімдеді. Жиналған айғақтар мен ойыншылар тарапынан сенімнің жоғалуы бапкермен әрі қарай жұмыс істеуге мүмкіндік бермеген.
Осыған байланысты Даниэль Сантос қызметінен дереу босатылып, келісімшарты тоқтатылды. Федерация мұндай жағдайларда спортшылардың құқығы мен қауіпсіздігі басты назарда болатынын жеткізді.
Фото: Getty Images
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған