457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ӘЧ-2026: Ирак шабуылшысы АҚШ әуежайында жеті сағат бойы тексерістен өтті

Ирак құрамасының шабуылшысы Аймен Хусейн 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына қатысу үшін АҚШ-қа барғаннан кейін ұзақ уақыттық тексеруден өтті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Reuters мәліметінше, футболшы Чикагодағы О’Хара халықаралық әуежайында шамамен жеті сағат бойы жауап берген.

Кейін Қатардың «Әл-Хор» клубында өнер көрсететін ойыншыға АҚШ аумағына кіруге рұқсат берілді. Алайда Ирак құрамасының фотографы Талал Салах елге өте алмады. Ол он сағаттан астам тексерістен өтіп, телефоны қаралғаннан кейін АҚШ-қа кіруге рұқсат ала алмаған.

Дереккөз мәліметінше, Аймен Хусейннің де мобильді құрылғысы тексерілген. Бұл жағдайға қатысты әзірге Ирак футбол қауымдастығы да, футболшының өзі де ресми пікір білдірмеді.

Айта кетейік, Ирак құрамасы тарихында екінші рет әлем чемпионатына жолдама алып отыр. Бұған дейін команда 1986 жылғы мундиальға қатысқан. Ал 2026 жылғы әлем чемпионатында Ирак I тобында Франция, Сенегал және Норвегия құрамаларымен кездеседі.

 

Фото:depositphotos.com