457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Абинұр Нұрымбет футболдан Өзбекстан жастармен өткен ойыннан кейін жанкүйерлерден кешірім сұрады

Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы бақылау ойынын қорытындылады

Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы Абинұр Нұрымбет Өзбекстан жастарымен өткен бақылау ойынын қорытындылады, деп жазады malimsports.kz.

Ең алдымен жанкүйерлерден кешірім сұраймыз. Бүгін оңай ойын болған жоқ. Қолымыздан келгеннің бәрін жасадық. Өзімізде жақсы мүмкіндіктер болды, бірақ пайдалана алмадық. Жеңіске жету үшін бар күшімізді салдық, десе де ойлаған нәтижеге жете алмадық. Сол үшін тағы да кешірім сұраймын.

Кезінде Өзбекстан чемпионатында ойнаған отандық теңбіл доп шебері қарсыластың қалай ойнайтынын айту мүмкін емес деп пікір білдірді. 

Иә, Өзбекстан чемпионатында ойнадым. Бірақ олардың нақты қалай ойнайтынын айтып жеткізу қиын. Сондықтан біз бұл ойында бапкердің тапсырмасымен ойнадық. Қарсыластың мықты және әлсіз тұстарын талдап, соған қарай дайындалдық. Бүгінгі ойындағы қателіктермен жұмыс істейміз. Келесі ойында жеңіске жету үшін бар күшімізді саламыз.

Фото: ҚР футбол федерациясы