457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Абат Айымбетов жақында жаңа командаға ауысады

Transfermarkt порталы қазір футболшының құнын 450 мың еуро деп бағалап отыр

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов әлі күнге клубсыз жүр. Ол соңғы рет мамыр айында алаңға шыққан. Бұл туралы ASnews.kz деп жазды.

Футболшының болашашағы жайлы агенті Траян Гергишан мәлімдеме жасады.

«Абаттың жағдайы ерекше. Қазір бірнеше ұсыныс бар, бәрін мұқият қарастырып жатырмыз. Ең тиімді шешім қабылдағымыз келеді. Иә, біз жақында Түркия, Румыния, Иран және Парсы шығанағы елдерінің клубтарымен келіссөз жүргіздік», – дейді ол.

Агенттің айтуынша, футболшының жеке өмірінде де, денсаулығында да ешқандай мәселе жоқ.

«Оның отбасы немесе жеке өміріне қатысты қиындықтар жоқ. Қазір бәрі жақсы. Бізге тек нақты шешім қабылдау қалды. Абат бабында және жаттығуын жалғастырып жатыр», – деді Гергишан.

Абат Айымбетов соңғы рет 2025 жылдың мамыр айында түріктің «Адана Демирспор» клубы сапында алаңға шыққан болатын. Футболшы 37 кездесуде ол 6 гол соқты.

Transfermarkt порталы қазір футболшының құнын 450 мың еуро деп бағалап отыр.