457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Абат Айымбетов Еуропа клубына ауысуы мүмкін

Алайда агенттің айтуынша, келісім әлі толық аяқталмаған

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов мансабын Еуропада жалғастыруы ықтимал. Бұл туралы футболшының агенті Траян Гергишан Vesti.kz сайтына берген сұхбатында мәлімдеді.

Бұған дейін Айымбетовтің Румыния чемпионатының жоғары дивизионында өнер көрсететін «Петролул» клубына ауысуы мүмкін екені туралы ақпарат тараған болатын. Алайда агенттің айтуынша, келісім әлі толық аяқталмаған.

«Қазіргі таңда бірнеше клубпен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Иә, олардың қатарында «Петролул» да бар. Бұл – нақты нұсқалардың бірі», – деді ойыншының өкілі.

Айта кетейік, «Петролул» қазіргі таңда Румыния чемпионатының турнирлік кестесінде 12-орында тұр. Дегенмен клуб өз тарихында бірнеше рет ел чемпионы атанып, ұлттық кубокты да жеңіп алған.

Еске сала кетсек, Абат Айымбетов өткен маусымда Түркияның «Адана Демирспор» командасында ойнады. Бірақ келісімшарт ұзартылмай, содан бері футболшы еркін агент ретінде жүр.

Аймбетов Қазақстан құрамасы сапында 45 матч өткізіп, 9 гол соққан.