Абат Айымбетов «Ақтөбеге» қайта оралуы мүмкін
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы шабуылшысы Абат Айымбетов өз мансабын бастаған «Ақтөбе» клубына қайта оралуға жақын. Бұл туралы журналист Эльдар Аманбаев Telegram-арнасында хабарлады.
Журналистің айтуынша, қазір тараптар ойыншының командаға қосылу шарттарын талқылап жатыр. Айымбетов қазіргі уақытта Түркияда жеке жаттығу жүргізуде.
«Абат өз мансабын бастаған «Ақтөбеге» қайта оралуға жақын. Қазір тараптар ойыншының командаға қосылу шарттарын талқылап жатыр. Айымбетов Түркияда жеке дайындық жасауда. Дәл осында «Ақтөбе» де желтоқсан ортасында алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізуді жоспарлап отыр», - деп жазды Аманбаев.
Түркия тәжірибесі және еркін агент мәртебесі
Өткен маусымда Абат Айымбетов Түркияның «Адана Демирспор» клубында өнер көрсетті. Қазақстандық шабуылшы 28 матчқа қатысып, 5 гол соққан. Маусым аяқталған соң команда Түркия Суперлигасынан шығып қалды, ал 1 шілдеде Абат клубпен келісімшартын ресми түрде тоқтатты.
Қазір шабуылшы еркін агент, және БАҚ мәліметінше бірнеше клубтан ұсыныс алған. Алайда оның мансабын туған қаласында жалғастыруы ең ықтимал нұсқа болып тұр.
Айымбетов бұған дейін «Ақтөбе», «Қайрат», Ресейдің «Крылья Советов» және «Ротор» клубтарында ойнаған.
Фото: instagram/adskulubu
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған