Абат Айымбетов «Ақтөбеге» қайта оралды
«Ақтөбе» футбол клубы Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетовпен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде хабарлады, деп хабарлайды malimsports.kz.
30 жастағы футболшы командаға еркін агент мәртебесінде қосылды. Ақтөбе футболының түлегімен жасалған келісімшарт бір жарым жылға есептелген.
Айымбетов 1 шілдеден бастап еркін агент атанған еді. Оның Румынияның «Петролул» клубымен келісімшарты аяқталған.
Абат кәсіби мансабын дәл «Ақтөбеде» бастаған. Ол 2013-2020 жылдары қызыл-ақ жейдеде өнер көрсетіп, клуб сапында Қазақстан чемпионы атанды.
Осыдан кейін шабуылшы Қазақстан Премьер-лигасында «Қайрат» пен «Астана» клубтарының намысын қорғады. Сондай-ақ шетелде өнер көрсетіп, соңғы маусымда Румынияның «Петролул» клубында ойнады.
Енді Қазақстан құрамасының шабуылшысы туған клубына қайта оралып, «Ақтөбенің» алдағы маусымдағы мақсаттарын орындауға көмектесуге тырысады.
Фото: ҚФФ
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған