457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

63 маусым өткізген 78 жастағы төреші Гиннестің рекордтар кітабына енді

Кен Райт футбол ойындарын 1964 жылдан бері басқарып келеді.

Уэльстік футбол төрешісі Кен Райт ең ұзақ төрешілік мансабы үшін Гиннестің рекордтар кітабының ресми сертификатына ие болды. Ол 78 жасында да футбол матчтарын төрешілік етуді жалғастырып жүр, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Кен Райт футбол ойындарын 1964 жылдан бері басқарып келеді. Осы уақыт ішінде ол әуесқой жарыстардан бастап ардагерлер арасындағы турнирлерге дейін әртүрлі деңгейдегі бәсекелерде 63 маусым төрешілік еткен. Оның жалпы өткізген матчтарының саны 5 мыңнан асады.

Ұзақ мансабында Райт Уэльстің «Суонси Сити» клубы мен француздың ПСЖ, сондай-ақ ағылшынның «Манчестер Юнайтед» командалары арасындағы жолдастық кездесулерде төреші болған.

Сонымен қатар ол Англия клубтарының Лондондағы әйгілі «Хайбери», «Уайт Харт Лейн» және «Стэмфорд Бридж» стадиондарындағы матчтарына қызмет көрсеткен.

Қазір 78 жастағы төреші Суонси графтығындағы ардагерлер лигасының ойындарында төрелік етуді жалғастырып келеді.

Осылайша Кен Райт футбол тарихындағы ең ұзақ төрешілік мансап иесі ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Фото: УЕФА 

Ең көп оқылған