УЕФА-ның 51-Конгресі 2027 жылғы 4 наурызда Астана қаласында өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұл шешім Брюссельде өткен мерейтойлы 50-ші Конгрессте ресми жарияланды.
Конгресс – УЕФА-ның ең жоғары басқарушы органы. Оған ұйымға мүше 55 ұлттық қауымдастықтың өкілдері қатысады. Жиын барысында Еуропа футболының стратегиялық даму бағыттары талқыланып, қаржылық және ұйымдастырушылық мәселелер бекітіледі.
51-ші Конгресс сайлау форматында өтеді. Астанада УЕФА президенті мен Атқарушы комитет мүшелері сайланып, алдағы жылдардағы еуропалық футболдың даму бағыты айқындалады.
Бұл шара Қазақстан үшін халықаралық деңгейдегі ең ірі футбол жиындарының бірі болмақ. Конгресті ұйымдастыру және өткізу шығындары УЕФА қаражаты есебінен жүзеге асырылады, яғни мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінбейді.
Фото: УЕФА