457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алған тағы төрт құрама анықталды

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына Еуропа құрлығынан қатысатын барлық құрамалар плей-офф кезеңінің қорытындысы бойынша белгілі болды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Шешуші ойындар нәтижесінде жолдамаға келесі құрамалар ие болды:

Чехия (Дания – 2:2, пенальтиде 3:1)

Босния және Герцеговина (Италия – 1:1, пенальтиде 4:1)

Түркия (Косово – 1:0)

Швеция (Польша – 3:2)

Топтық кезеңдегі құрамалар мынадай бөлінді:

Чехия А тобында Мексика, Оңтүстік Африка Республикасы және Оңтүстік Корея құрамаларымен ойнайды.

Босния және Герцеговина В тобында Канада, Катар және Швейцария құрамаларына қарсы алаңға шығады.

Түркия D тобында АҚШ, Парагвай және Австралия құрамаларымен кездеседі.

Швеция F тобында Нидерланд, Жапония және Тунис құрамаларымен бақ сынайды.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты алғаш рет кеңейтілген форматта өтеді. Турнирге 48 құрама қатысып, олар төрт командадан 12 топқа бөлінеді.

Әлем біріншілігі 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексика елдерінде ұйымдастырылады.

Фото: ©x.com/ceskarepre_cz