457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

2026 жылғы әлем чемпионатына 1 миллионнан астам билет сатылды

Билет сату науқанының алғашқы кезеңінде әлемнің 200-ден астам елінен жанкүйерлер өз қызығушылықтарын білдірген.

ФИФА президенті Джанни Инфантино 16 қазан күні ресми мәлімдеме жасап, 2026 жылы өтетін футболдан әлем чемпионатына билеттердің алғашқы сатылым нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Оның айтуынша, қазіргі таңда миллионнан астам жанкүйер өз билетін алып үлгерген. Билет сату науқанының алғашқы кезеңінде әлемнің 200-ден астам елінен жанкүйерлер өз қызығушылықтарын білдіріп, доп додасына қатысуға асығуда. Бұл — турнирге деген жаһандық қызығушылықтың айқын дәлелі.

2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында үш мемлекет - АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Бұл дода бірқатар тарихи жаңалықтармен ерекшеленбек. Алғаш рет турнирге 48 ұлттық құрама қатысады. Бұған дейінгі жарыстарда 32 команда бақ сынаған болатын.

Жаңа форматқа сәйкес, командалар 12 топқа бөлінеді. Әр топта 4 командадан өнер көрсетеді. Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша әр топтың алғашқы екі орнына жайғасқан командалар және ең үздік сегіз үшінші орын иесі плей-офф кезеңіне жолдама алады. Бұл өзгеріс жарыстың ауқымын кеңейтіп, бәсекелестікті арттырмақ.

Фото: