Алматы облысының конкурдан чемпионаты өтеді
27 маусымда Алматы облысындағы Almaty Horse & Polo Club ат-спорт кешенінде конкурдан Алматы облысының чемпионаты ұйымдастырылады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Дәстүрлі турнирге еліміздің әр өңірінен 50-ден астам спортшы қатысып, түрлі күрделілік деңгейіндегі бағыттарда бақ сынайды. Жарыс барысында шабандоздар мен аттардың өзара үйлесімі, шеберлігі, жылдамдығы мен дәлдігі бағаланады.
Чемпионат бағдарламасына:
– әртүрлі деңгейдегі маршруттар;
– балалар, жасөспірімдер және әуесқой шабандоздар арасындағы жарыстар;
– чемпиондық атақ үшін тартысты бәсекелер;
– ат спорты мерекесінің ерекше атмосферасы енген.
Конкур – олимпиадалық ат спорты түрлерінің бірі. Бұл дисциплинада спортшы мен аттың сенімі, техникалық дайындығы және бірлескен жұмысы шешуші рөл атқарады.
Өтетін күні: 27 маусым 2026 жыл
Басталу уақыты: 10:00
Өтетін орны: Almaty Horse & Polo Club, Алматы облысы, Талғар ауданы, Рысқұлов ауылы.
Ұйымдастырушылар барлық ат спорты жанкүйерлерін жарысты тамашалап, қатысушыларға қолдау көрсетуге шақырады.
Фото: Конкур федерациясы
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған