Мәзір
Экология

Маусымның соңғы күні ауа райы құбылмалы болады

Арман Қайыпхан 448 қаралым
Маусымның соңғы күні ауа райы құбылмалы болады

30 маусым, дүйсенбі күні Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз сипатқа ие болады, деп хабарлайды Malim.kz.

«Қазгидромет» РМК таратқан мәліметке сәйкес, еліміздің солтүстігі, орталығы және шығысында нөсер жауын мен найзағай күтіледі. Жекелеген өңірлерде бұршақ жаууы ықтимал.

«Қазақстан аумағында циклон мен атмосфералық фронттардың ықпалымен жаңбыр жауады. Елдің солтүстігі, шығысы мен орталығында жауын-шашын мол болады», – делінген синоптиктер хабарламасында.

Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Дегенмен, бұл аймақтарда құрғақ жел мен шаңды дауыл көтерілу қаупі бар.

Фото: pixabay.com

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар