Боксшы Дулат Бекбауов сүйіктісіне ұсыныс жасады
Бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауовтың отау құратыны туралы дерек мәлім болды, деп жазады malimsports.kz.
1bol.kz-тің жазуынша, бұл туралы боксшының таңдауы түскен ару әлеуметтік желіде фотосурет жариялап, құдаласу рәсіміне келісім басталғанын жариялаған.
Белгілі болғандай боксшының ата-анасы Астанада қалыңдықтың жақындарымен кездескен. Ал ұзату мен үйлену тойының қашан болатыны әзірге айтылмады.
Естеріңізде болса, Дулат Бекбауов 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатының финалына дейін жетіп, күміс жүлдеге ие болған еді. Спортшы Париж Олимпиадасына қатысуға үмітті болып, ел ішілік іріктеу турниріне қатысқан. Алайда ол шешуші сәтте Мұхамедсабыр Базарбайұлына есе жіберіп, Таиландта өткен олимпиадалық іріктеу турнирінен тыс қалды.
Фото: instagram.com/ayasheeva
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған