Софья Берульцева Moscow Karate Universe турнирінде үшінші рет жеңімпаз атанды
Мәскеуде WKF каратэден дәстүрлі Moscow Karate Universe халықаралық жарысы мәресіне жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Биыл 44 мемлекеттен үздік спортшылар жиналған турнирде Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды. Олардың қатарында Софья Берульцева (+68 кг), Әсел Қанай (-61 кг), Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг)
Қайсар Алпысбай (-60 кг), Диас Анарбеков (+84 кг) сынды спортшылар бар.
Осымен 4-рет өтіп жатқан турнирдің жүлде қоры көбейген. Мәселен, чемпион 5 мың, күміс жүлдегер 2 мың, қола жүлдегерлер 1000 АҚШ долларына иелік етті.
Осы жарыс арқылы Ұлттық құрама 2026 жылғы жазғы Азия ойындарына дайындықты бастап кетті.
Фото: ҚР спорт комитеті
Темірлан Анарбеков футбол рейтингінде бірінші сатыға тұрақтады
Ең көп оқылған