457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ахмади Маханов ITF Juniors титулын жеңіп алды

14 жасар спортшы үшін бұл халықаралық деңгейдегі жеке сындағы алғашқы жүлдесі.

Бахрейнде өткен ITF Juniors J30 санатындағы додада қазақстандық жас талант Ахмади Маханов жеңімпаз атанды, деп хабарлайды malimsports.kz

14 жасар спортшы үшін бұл халықаралық деңгейдегі жеке сындағы алғашқы жүлдесі.
Бұл жетістік Махановтың еліміздегі ең үздік жас ойыншылардың бірі екенін тағы да дәлелдеді. Жас ерекшелігіне қарамастан, отандасымыз кортта жоғары шеберлік көрсетіп, шешуші ойында қарсыласынан басым түсіп, жеңімпаз атанды.
Ахмадидің бұл нәтижесі оның жүйелі еңбегінің жемісі. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ол Еуропалық теннис қауымдастығының (Tennis Europe Tour) «Жылдың үздік шетелдік ойыншысы» мәртебелі марапатына ие болған еді. Бұл номинация Еуропа аймағынан тыс елдерден шыққан ең үздік ойыншыларға ғана беріледі.
Өткен маусымдағы жоғары көрсеткіштерінің арқасында ол 16 жасқа дейінгілер арасындағы еуропалық рейтингте 24-ші орынға тұрақтады. Бахрейндегі жеңіс 14 жасар теннисшіге әлемдік жасөспірімдер рейтингінде де өз орнын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.

Фото: ҚТФ