457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Городко фристайл-могулда үздік ондықтан көрінді

Келесі күні де отандасымыз үздік ондықтың қатарынан табылып, жарысты тоғызыншы нәтижеімен аяқтады.

Анна Городко фристайл-могулдан өткен әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа кірді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Рукада (Финляндия) өткен Әлем кубогы аясында могул бойынша жүлделер екі рет сарапқа салынды. Алғашқы жарыста Анна Городко жетінші орыннан көрінді.

Келесі күні де отандасымыз үздік ондықтың қатарынан табылып, жарысты тоғызыншы нәтижеімен аяқтады.

Қалған қазақстандық спортшылардың нәтижелері:

Аяулым Амренова — 26-орын

Юлия Феклистова — 31-орын

Юлия Галышева — 32-орын

Жарыстың жеңімпазы — Австралия спортшысы Энтони Джакара. Екінші орынды АҚШ өкілі Оливия Гьяччо иеленсе, үздік үштікті Джейлин Кауф (АҚШ) түйіндеді.

Фото: ҰОК